Loading...
Жиі қойылатын сұрақтар

  • Құжаттарды медициналық тексеруден өткен күні алуға болады ма?
2016 жылдан бастап АҚШ-тың Иммиграциялық Қызметтері гонорея скринингін (зәр анализін) талап етеді. Сараптама нәтижелері тексеруден кейін келесі күні ғана дайын болғандықтан, құжаттар келесі күні ғана беріледі (медициналық тексеруден жұма күні өткен кезде құжаттар дүйсенбі күні дайын болады).

  • Қашан медициналық тексеруге жазылған дұрыс?
Әдетте АҚШ Консулдығындағында сұхбат сейсенбі және бейсенбіде өтеді, сондықтан сіз үшін дүйсенбі немесе жұма күндеріне жазылу ыңғайлы болады. Сұхбатқа дейін кемінде 3 күн бұрын жазылуға кеңес береміз. Медициналық сараптама нәтижелерін DV Грин карта және K1санаттары бойынша келесі күні сағат 8.00-ден бастап алуға болады (сенбі, жексенбі, және мейрам күндерінен басқа).

  • Медициналық тексеруден өту үшін төлем қандай валютада жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төлемді қолма-қол ақшамен, Ұлттық валюта - теңгемен немесе төлем карточкасымен (VISA, MASTER CARD) және Kaspi QR арқылы жүзеге асыруға болады.

  • Ересектерге арналған вакцинация паспорты / егу картасы болуы міндетті ме?
АҚШ заңына сәйкес әр иммигрант белгілі бір ауруларға қарсы вакцина алуы керек. Бұрын алынған екпелер туралы куәліктің болуы қажетті вакциналар туралы шешім қабылдау процесін жеңілдетеді, бірақ егер ол жоқ болса, дәрігер сіздің АҚШ-тың талаптарына сай қандай вакцинациялар қажет екенін анықтайды.

  • Егер менің балам медициналық себептермен вакцинацияланбаған болса (медициналық тұрғыдан), олар иммиграциялық тексеру кезінде вакцинация алуы керек болады ма?
Бұл жағдайда соңғы шешімді медициналық тексеруді өткізетін дәрігер қабылдайды.

  • Манту реакциясы балаларға қажет пе?
ЖОҚ. АҚШ Консулдығының талаптарына сай 2019 жылдың ақпанынан Алматы қаласында медициналық тексеруден өткен кезде Манту сынамасы жаңа және дәлірек IGRA Квантиферон (Quantiferon) тестіне ауыстырылды.

  • Егер IGRA тесті оң нәтиже берсе, не істеу керек?
IGRA тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайда, бала кеуде қуысының рентгенограммасынан өтеді (бір проекцияда 3500 теңге, екі проекцияда 6000 теңге тұрады). АҚШ Консулдығының талаптарына сай рентгенография тек аккредиттацияланған медициналық орталықта жасалады, IMC-де медициналық тексеруден өткеннен кейін баланы рентгенге жібереді.

  • IGRA талдауын қайда жасауға болады?
Дүйсенбі – жұма аралығында 10:00-12:00 дейін
GammaLab лабораториясы, Ходжанов 55а көшесі, тел. +7 705 1000333

  • Субъективті себептермен / моральдық нанымдармен вакцинациядан бас тарта аламын ба?
Сіз әрқашан вакцинациядан бас тарта аласыз, бірақ бұл визаға кепілдік бермейді. Соңғы шешімді тек Консул ғана қабылдайды.

  • Қандай визалық санат бойынша вакцинация алмауға болады?
Күйеу жігіт пен қалыңдыққа арналған виза (K1) иммиграциялық виза болмағандықтан, осы санаттағы визаларға үміткерлер медициналық тексеруден өткен күні вакцинациядан бас тарта алады.

  • Жақында кеуде қуысының рентгенографиясын жасаттым. Мен мұны қайталауым керек пе немесе «ескі» нәтижені әкеле аламын ба?
АҚШ иммиграция қызметінің талаптарына сәйкес рентген сәулелері тек аккредиттацияланған орталықта жүргізілуі керек. Осылайша, сіздің нәтижеңіз жарамсыз болып табылады және медициналық тексерілу күні қайта сараптама жасау қажет болады.

  • Мен жүктімін. Маған кеуде қуысының рентгенографиясы міндетті түрде керек пе?
Иә, АҚШ иммиграция қызметінің талабына сай иммиграциялық визаны алу үшін жүкті әйелдер кеуде қуысының рентгенограммасынан өтуі тиіс. Олар хабардар етілген келісімге қол қоюы керек. Зерттеу заманауй құрылғыда іске асырылады және сәулелену дозасы аз, әрі баланың денсаулығына қауіп төндірмейді. Сонымен қатар рентген кезінде жүкті әйелге ішті және жамбасты қорғайтын қорғасын алжапқыш беріледі.

  • Босқындар мен саяси босқындар cанатына қандай құжаттар қажет?
Бұл санаттар үшін құжаттар тізімі басқа санаттардағы визалармен бірдей. Жалғыз айырмашылық - кеуде қуысының рентгенографиясы дискіде ғана емес, баспа (фильм)түрінде де шығарылады.

  • Егер мен туберкулезбен ауырған болсам немесе қазір ауырып жүрсем, маған виза беріледі ме?
Бұл мәселе бойынша шешімді медициналық тексеруді жүргізетін дәрігер қабылдайды. Егер сіз қазір туберкулезбен ауырып жүрген болсаңыз, кетуге рұқсат емдеу аяқталғаннан кейін ғана беріледі. Егер сіз бұрын туберкулезбен ауырған болсаңыз, қосымша тексеру қажет болуы мүмкін (үш реттік микроскопия және қақырықты өсіру, нәтижесі 3 айдан кейін дайын болады). Зерттеу көлемін дәрігер емтихан және рентгенография деректері негізінде анықтайды.
© 2022 Халықаралық медициналық орталық
Байланыс ☎️
Біздің екі клиникамыз Алматы қаласында Мұқанов көшесі 235 және Гагарин көшесі 311 А орналасқан
Жалпы колл-центр:
Мұқанов көшесіндегі клиника:
Гагарин көшесіндегі клиника:
Жұмыс тәртібі:
Гагарин көшесіндегі клиника:
Дс-Жм: 07:00-ден 19:00 дейін
Сенбі: 09:00-ден 13:00 дейін
Мұқанов көшесіндегі клиника:
Дс-Жм: 08:00-ден 17:00 дейін
Онлайн қабылдау
Біздің медициналық орталығымыздың дәрігерлеріне онлайн кеңес беруге тапсырыс беру: ол үшін төмендегі форманы толтырып, симптомдарды көрсетіңіз және дәрігермен байланысу үшін платформаны таңдаңыз
Науқастың деректері
Қосымша ақпарат
Дәрігерді таңдау
Қабылдау күні мен уақыты
Сообщение об успешной отправке!