Вакциналау

Эувакс (Вирусты гепатит В) Оңтүстік Корея өндірген

Екпе не үшін қажет?

Вирусты гепатит В — бауырды зақымдайтын қауіпті ауру. Ауру вирусты гепатит В салдарынан туындайды. Вирусты гепатит В ұзақтығы бірнеше аптаға созылатын жеңіл сырқатты немесе өмір бойына созылатын ауыр сырқатты қоздыруы мүмкін. Вирусты гепатит В қоздырған инфекция асқынған немесе созылмалы болуы мүмкін. Асқынған гепатит В қысқа уақытты В вирусты гепатитін жұқтырғаннан кейінгі 6 айдың ішінде пайда болатын сырқат. Осының нәтижесінде келесілер орын алуы мүмкін:

• дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамаққа тәбеті тартпауы, жүрек айну және/немесе құсу

• сарғаю белгілері (көздің немесе терінің сарғаюы, зәр қоңырланып, нәж ақшыл-саз түске айналады)

• бұлшықеттер, буындар және асқазан ауырады.

Созылмалы гепатит В — адам ағзасында гепатит В вирусы қалған кезде туындайтын ұзақ уақытты сырқат. Созылмалы гепатит В пайда болған көптеген адамдарда, аурудың белгілері болмайды, бірақ, оған қарамастан сырқат өте ауыр болуы әрі мыналарға әкеп соғуы мүмкін:

• бауырдың зақымдануы (бауыр циррозы);

• бауыр қатерлі ісігі;

• өлім.

Созылмалы инфекцияны тасымалдаушы адамдар, тіпті өздерін сырқат сезінбегенімен және оларда аурудың белгілері көрінбегенімен, гепатит В вирусын маңайындағыларға беруі мүмкін. Америка Құрама Штаттарында 1.4 млн. адамда созылмалы гепатит В бар болуы мүмкін. Гепатит В ауруына шалдыққан нәрестелердің шамамен 90%-да созылмалы сырқат дамиды, және олардың 4-тен 1-і шетінеп кетеді.

Гепатитке қарсы вакцина гепатит B дертіне шалдығудың және оның салдарының алдын алады, соның ішінде бауыр қатерлігі ісігі мен бауыр циррозы.

Қосымша ақпаратты қараңыз: Гепатит В