Вакциналау

Превенар13 (пневмококкты коньюгирленген полисахарид вакцинасы) Пфайзер (Ирландия) өндірген

Вакцина балалар мен ересектерді пневмококкты инфекциядан қорғау үшін қолданылады. Пневмококкты инфекцияны адамнан адамға жақын байланыс жасау кезінде берілетін бактерия қоздырады.

Ол құлақ инфекцияларын қоздырып, анағұрлым ауыр инфекцияларға әкеп соғуы мүмкін: өкпе (пневмония), қан (бактериемия) және бас пен жұлын миы қабығының инфекциясы (менингит).

Ересектер пневмококкты пневмониямен анағұрлым жиі ауырады. Пневмококкты менингит кереңдік пен мидың зақымдануын қоздырады; одан ауруға шалдыққан әрбір 10-шы бала қайтыс болады. Пневмококкты инфекция кез келген адамды зақымдай алады, дегенмен, ауруға шалдығудың жоғары тәуекелі екі жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан егде тұлғалар, белгілі бір аурулары бар тұлғалар мен шылымқорлар арасында.

Вакцинаны ойлап тапқанға дейін жыл сайын АҚШ-та келесідей деректер тіркелді:

• менингиттің 700-ден астам жағдайы

• қан инфекциясының шамамен 13 000 жағдайы

• құлақтың қабыну ауруларының шамамен 5 миллион жағдайы

• пневмококкты инфекция дертіне шалдығудың нәтижесінде 5 жасқа дейінгі балалардың шамамен 200-і өліммен аяқталды.

Пневмококкты инфекцияға қарсы екпе балалар арасында ауруға шалдығудың естен тандыратын көрсеткішін 88%-ға төмендетуге мүмкін етті. Пневмококкты инфекциядан АҚШ-та жыл сайын шамамен 18 000 үлкен жастағы адамдар қайтыс болады. Қоздырғыштың жаңа штаммдарына резистенттілік (сезбеушілік) пневмококкты инфекцияны пенициллинмен және бірқатар басқадай препараттармен емдеудің тиімсіздігіне әкеп соқты. Сондықтан да, осы ауруды вакциналау жолымен алдын алудың маңыздылығы айтарлықтай өсті.

Қосымша ақпаратты қараңыз: Превенар