Вакциналау

Нименрикс (менингококкты миқұртына (менингит) қарсы вакцина)

Менингококкты инфекция — Neisseria meningitidis бактериясы қоздыратын ауыр сырқат. Инфекция менингитке (бас және жұлын миы қабығының қабынуы) және қанның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Көбінесе менингококкты инфекция аяқ астынан, тіпті басқа жағынан дені сау адамдарда да пайда болады. Ол адамнан адамға тығыз байланыс (жөтел, сүю) немесе ұзақ байланыс болған кезде беріледі, әсіресе бір үйде тұратын адамдардың арасында. Neisseria meningitidis-тің «серотоптар» деп аталатын кем дегенде 12 түрі белгілі.

Менингококкты инфекцияны неғұрлым жиі A, B, C, W және Y серотоптары қоздырады. Кез келген адам ауры мүмкін, дегенмен жоғары тәуекелді топтар бар:

• бір жастан төмен балалар;

• жеткіншектер мен 16-23 жастағы жас адамдар;

• иммунтапшылық жай-күйдегі адамдар;

• N. Meningitidis изоляттармен жұмыс істейтін микробиологтар

• ауру ошағы аумағында орналасқан адамдар

Жүргізіліп жатқан емдеу шараларына қарамастан, менингококкты инфекцияны жұқтырудың ақырының өліммен аяқталуы ауруға шалдыққан 100 адамның 10-15-не қатер төндіреді.

Қосымша ақпаратты қараңыз: Менингококкты вакцина.