Вакциналау

ҚПҚ (қызылша, паротит (құлақ түбі бездерінің шошынуы), қызамық), Үндістанда өндірілген

Қызылша, паротит және қызамық ауыр дерт болып табылады. Вакцина қолданғанға дейін олар, әсіресе балалар арасында, кең таралған дерт болатын.

Қызылша

• Қызылша вирусы бөртпені, жөтелді, мұрын ағуды, көздің тітіркенуін және дене қызуының көтерілуін қоздырады.

• Ол көз инфекциясына, өкпе қабынуына, дене құрысуына (көз тарту және тесірейген көзқарас), бас миының бұзылуына және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Паротит

• Паротит вирусы дене қызуының көтерілуін, бас ауруын, бұлшықет сыздауларын, тамаққа тәбеті тартпауын және бездердің шошынуын қоздырады.

• Ол кереңдікке, менингитке (бас және жұлын миы қабығының инфекциясы), ұрық немесе жыныс бездерінің ауырсына ісінуі, және, сирек жағдайларда, бедеулікке әкеп соғуы мүмкін.

Қызамық (қызылша қызамығы)

• Қызамық вирусы бөртпе, шорбуын (артрит) (көбіне әйелдерде) және дене қызуының болмашы көтерілуін қоздырады.

• Егер әйел жүктілік кезінде қызамықпен ауырса, ондай әйел түсік тастауы мүмкін, немесе нәресте ауыр туа біткен даму кемістіктерімен туылуы мүмкін.

Бұл аурулар адамнан адамға ауа жолымен беріледі. Сіз бұл ауруды науқас адамның жанында болу арқылы оп-оңай жұқтырасыз. Қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы вакцина (MMR) балаларды (және ересектерді) осы үш дерттен қорғай алады.

Қосымша ақпаратты қараңыз: ҚПҚ