Вакциналау

Энцевир (кене энцефалиті), Ресейде өндірілген (18 жастан жоғары тұлғаларға)

Табиғатта кенелердің белсенділігінің арту кезеңі көктемде басталып, қазан айына дейін созылады, кенелердің ең көп саны жаздың бірінші жартысында байқалады. Үлкен кенелердің ең көп шоғырлану орындары ескі айдалған егіндік жерлер, тың жер, орман алқабы, мая шөп, және де ылғалды тіршілік орталары – суайдындардың жағалық зонасы.

Кене энцефалиті вирусы адамға негізінен вирус жұқтырған иксодо кенелерінің (Ixodes persulcatus, Ixodes ricinus) жабысып соруы арқылы беріледі. Сондай-ақ жұқтыру кенелерді жануарлардың (иттер, мысықтар) немесе адамдардың – киіміне жабысып, гүлдермен, бұтақтармен және т.б. алып келуі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың пайда болуы кенені басып-жаншыған кезде вирусты теріге ысқылап жағу немесе шаққан жерлерді қасыған кезде де болуы мүмкін.

Жұқтырудың басқа жолы – тағамға ешкінің шикі сүтін қолданғанда, яғни кенелердің жаппай бас салуы кезеңінде вирус сүтте болуы мүмкін. Сонымен қатар, кене энцефалитін сиыр сүті арқылы да жұқтыру ықтималдығы бар.

Вакциналау курсы үш екпені қамтиды: екіншісі біріншісінен бір-үш ай өткеннен кейін жасалса, үшіншісі — біріншісінен кейін 9–12 айдан соң жасалады. Сенімді қорғанысқа екінші екпе жасалғаннан кейін екі аптадан соң қол жеткізуге болады. Үшіншісі қорғанысты тағы да бірнеше пайызға күшейту үшін және иммунитетті ұзарту үшін жасалады.

Дегенмен, егер эндемикалық аймаққа ерте шығу қажеті туындаса, онда жеделдетілген курс бар (шұғыл вакциналау). Ол әр түрлі вакцинада өзгешеленеді, бірақ барлық жағдайда вакциналау басталғаннан кейін бір айдан соң шығуға мүмкіндік береді.

Вакциналаудың алғашқы курсын аяқтаған соң, жас ерекшелігіне және тұрғылықты мекенжайға байланысты әрбір үш-бес жылда ревакциналау жасау қажет болады. Дегенмен, егер Сіз осы мерзімдерде эндемикалық аймаққа барайын деп жатқан жоқ болсаңыз, ревакциналауды кейінге қоя тұрып, оны Сіз келесі сапарыңызды жоспарлаған кезде жасауға болады.