Медициналық қызметтер

Ересектер мен балаларды отбасылық дәрігердің қабылдауы

Отбасылық дәрігер (жалпы тәжірибе дәрігері) – медицинаның әртүрлі салаларында терең ғылыми білімі және тәжірибелік дағдылары бар маман. Ол бір тұлғадағы терапевт, гастроэнтеролог, хирург, ортопед, ЛОР, тіпті педиатр әрі гинеколог. Отбасылық дәрігердің қызмет саласы тек бір науқастың денсаулығын ғана емес, оның отбасының барлық мүшелерінің денсаулығын қамтиды. IMC Отбасылық медицина орталығында қабылдауды Еуропа мен АҚШ-тың ең үздік медициналық орталықтарында тағылымдамадан өткен, үлкен тәжірибе жинақтаған жалпы тәжірибе дәрігерлері жүргізеді.

Отбасылық дәрігердің қабылдауы көптеген жағдайларда салалық маманға қаралу қажеттілігін болдырмайды, өйткені оның кәсіби дайындығы аурулардың және патологиялық күйдің кең шоғырын дұрыс диагностикалауға және білгір емдеуге мүмкіндік береді. Тек күрделі немесе таласты жағдайлар туындағанда ғана отбасылық дәрігер кеңесу және емдеу жоспарын бірлесе тағайындау үшін аралас мамандарды іске тартады. Дегенмен, сонымен бірге, ол бүкіл терапиялық үдерісті бақылауын жалғастырып, науқасқа толық жауапкершілікті алады.

Отбасылық дәрігердің қызмет аясына мыналар кіреді:

  • әртүрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу;
  • вакцинация мен алдын алу мақсатымен тексерулерді жүргізу;
  • созылмалы аурулардың даму қаупінің тәуекел факторларын анықтау;
  • тиімді тамақтану және салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • барлық қажетті медициналық құжаттарды ресімдеу.

Біздің орталықтың жалпы тәжірибе дәрігерлері ауруларды диагностикалау мен емдеуде барлық халықаралық стандарттарды қатаң ұстанады және қажетсіз немесе тиімсіз емдеу-диагностикалық процедураларды тағайындамайды.

Біздің емханаға жүгіне тұра, Сіз дәлелдік медицина қағидаларынасәйкес ағзаның барлық ерекшеліктері мен аурулардың сипатын ескере отырып таңдалған отбасылық дәрігердің сапалы да кәсіби қызметтерін алатындығыңызға сенімді бола аласыз.