АҚШ-қа иммиграциялық тексерулер

АҚШ иммиграциялық виза алуға дәрігерлік тексеруден өту

АҚШ иммиграциялық виза алуға дәрігерлік тексеруден өту

АҚШ елшілігіне эмиграциялық виза алуға өтініш білдіргендерді дәрігерлік тексеру

Құрметті өтініш білдіруші!

Эмиграциялық тексеруден өткізуге дәрігерлік қабылдау сенбі, жексенбі және мейрам күндерінен басқа, күн сайын сағат 8-ден 11-ге дейін жүзеге асырылады.

Дәрігерлік тексеру мыналарды қамтиды:

● дәрігердің тексеруі

● мерезге қан талдауы (ашқарынға)

● соз ауруына несеп талдауы (келесі күні дайын болады)

● 15 жастан асқандарға кеудені рентгенге түсіру (басқа емханада, қашықтығы көлікпен 15 минуттық жер)

● екпе жасау – қажетіне қарай.

Талдау нәтижелері келесі күні дайын болады. Егер тексеруден жұма күні өтсеңіз құжаттар дүйсенбі күні беріледі.

Дәрігерлік тексерістен өтуге тіркелгеннен кейін, алдын ала электрондық поштаға imcalmaty02@gmail.com төмендегі құжаттарды салып жіберу қажет:

  1. Шетелдік төлқұжаттың фотосуреті бар бетінің көшірмесі
  2. Сұхбатқа шақыру қағазы
  3. Қазір тұрып жатқан мекенжайыңыз бен пошта индексі – ағылшын тілінде.
  4. АҚШ-та тұратын мекенжайыңыз бен пошта индексі.
  5. Электрондық пошта мекенжайы мен ұялы телефон нөмеріңіз
  6. Жұмыс орныңыз /қызметіңіз, оқу орны /сынып, курс
  7. 2-14 жас аралығындағы балалардың Мантуға жасалған сынақ нәтижелері

Еmail-де дәрігерлік тексеруден өтуге жазылған күніңіз бен уақытыңызды көрсетуіңіз қажет.

Дәрігерлік тексеруден өтуге келгенде төмендегілерді ала келіңіз:

  1. Отбасының әр мүшесінің, балаларды да қоса, төлқұжатының түпнұсқасы.
  2. 3х4 өлшемді түрлі түсті 5 фотосурет. Бас пен иық көрінуге тиіс және артқы беті жылтыр емес, күңгірт болуға тиіс.
  3. Егер бар болса, қабылданған екпелер туралы мәліметтер бар медкартаның түпнұсқасы
  4. АҚШ Консулдығының шақыру хаты
  5. 2-15 жас аралығындағы балалар үшін ағымдағы жылда жергілікті емханада немесе мектепте жасалған Мантудың нәтижесінің ресми қорытындысы
  6. Дәрігерлік тексерудің төлемі теңгемен (қолма-қол немесе кредит картаcымен, American Express картасынан басқа)

Медициналық тексеруден кейін, Сізге АҚШ Консулдығында сұхбаттан өту үшін ішінде құжаттары бар желімделген хатқалта және екпе картасының көшірмесі беріледі. Екпе картасының көшірмесі Сізге АҚШ-та баланы мектепке/бала бақшаға ресімдеу немесе жұмысқа тұру кезінде қажет болады. АҚШ Консулдығының ережелеріне сәйкес, екпе картасын жоғалтқан жағдайда көшірмесі берілмейді. Бұндай жағдайда тікелей Консулдыққа жүгіну ұсынылады.

Базалық дәрігерлік тексерудің құны (екпенің құнын есептемегенде):

-15 жастан асқандарға (15 жасты қоса есептегенде) -45 000 теңге

-15 жасқа дейінгілер үшін -30 000 теңге.

Біздің мекенжайымыз – Гагарин даңғылы, 311а, Қожабеков көшесінің қиылысында, телефон: 378-64-64.