ОРТАЛЫҚ ЖАЙЫНДА

Біз – замануи батыс стандарттарына сәйкес медициналық жәрдем көрсететін отбасылық дәрігерлерміз.

Салалық мамандардан айырмашылығы, отбасылық дәрігер оған көп бейінді медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей дайындықтан өтеді. Бұл дегеніміз, отбасылық дәрігерге отбасының барлық мүшелері жасына және жынысына қарамастан көріне алады. Ол асқынған және созылмалы ауруларды анықтай және емдей алады, скринингтік профилактикалық тексерулер жүргізуге, Сізге түрлі аурулардың алдын алуға және де өмір салтын өзгертуге байланысты кеңес бере алады.

Салалық маманның кеңесі қажет болған жағдайда, отбасылық дәрігер Сізге емделу және диагностикалық шараларды үйлестіруге көмектеседі. Отбасылық дәрігер Сізге денсаулығыңызды сақтаудың ең жоғары экономикалық тиімділігін қарастыруға көмектеседі (Сіз мамандарға тынымсыз әрі сансыз барудан және де жұмыстан қалудан аулақ боласыз!)

Отбасылық дәрігер келесідей ауруларды анықтайды, емдейді және алдын алады:

- тыныс алу органдары (демікпе (астма), бронх қабынулары (бронхит), өкпе қабынулары (пневмония), өкпенің обструктивті ауруы және т.б.);

- қан айналымы жүйесі (гипертония ауруы, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі және т.б.);

- қантүзілім жүйесі (қаназдық және т.б.);

- бауыр, өт шығару жолдары, зәр шығару жүйесі;

- буындар мен дәнекер тіндер;

- жұқпалы аурулар;

- жүйке жүйесінің аурулары;

- тері аурулары;

- құлақ, тамақ және мұрын;

- отбасын құруды жоспарлау бойынша кеңестер;

- зат алмасуының бұзылуы;

- сондай-ақ бірқатар басқадай аурулар.

Біздің құндылықтарымыз:
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес асқан медициналық жәрдем көрсету;
  • Науқастарға жанашырлық білдіру;
  • Ең заманауи және пайдалы ұсыныстар беру;
  • Аурудың алдын алу бойынша ғылыми негізделген және тәжірибелік ұсыныстар беру;
  • Біздің қызметтеріміздің тиімділігін, жайлылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.